Вагилак қынаптық суппозиторийлері

Вагилак, қынаптық суппозиторийлері, спецификалық емес сипаттағы қынаптың құрғауы мен атрофиялық вагинитті профилактикалау үшін және кешенді ем құрамында қолданылады. Олар сондай-ақ тітіркену, ашытып күйдіру және қышу кезінде, инфекциялық және қабыну сипатындағы қынаптық бұзылуларда қосымша құрал ретінде қолданылады. Бала туу жасындағы әйелдерге, менопауза кезеңінде, сондай-ақ перименопаузада көрсетілген.

Вагилак қынаптық суппозиторийлері

Препарат туралы ақпарат

Вагилак қынаптық суппозиторийлері құрамында гиалурон қышқылы, поликарбофил, сүт қышқылы, Е дәрумені, А дәрумені, 18-бета-глицирретин қышқылы, шай ағашы майы, фосфатидилхолин бар.

Вагилак қынаптық суппозиторийлері шырышты қабықтың табиғи тұрақтылығын сақтауға көмектеседі және қынаптың қалыпты микрофлорасын қалпына келтіруге көмектеседі; құрамына кіретін гиалурон және сүт қышқылы, қынаптың сулы ортасының қышқылды-сілтілі балансының бұзылуынан туындайтын белгілерді жоюға көмектеседі.

Гиалурон қышқылы қынаптың құрғауына қарсы ылғалдандыратын және майлаушы әсерге ие, табиғи және ыңғайлы қынаптық ортаны қалпына келтіруге көмектеседі.

Сүт қышқылы рН деңгейін тез қалыпқа келтіруге және вагинальды микрофлораның табиғи тепе теңдігін қалпына келтіруге көмектеседі,

Поликарбофил, қынаптың шырышты қабығымен әрекеттескенде, қынаптық ортаның рН төмендеуіне ықпал ететін Н+ иондарын үнемі шығарады. 1 суппозиторий күніне 1 рет, 5-7 күн бойы қынапқа түнде қолданады. Емдеу курсы дәрігердің ұсынысы бойынша өзгертілуі мүмкін.

Вагилак, қынаптық суппозиторийлерін мүшеқаптармен бірге пайдалануға болады.

ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ.
ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН БОЛУЫ МҮМКІН.

Ядран компаниясының препараттары көмектесе алатын жалпы мәселелер

Қынап микрофлорасының теңгерімсіздігі

Қынап микрофлорасының теңгерімсіздігі

Қынаптың микрофлорасы бірқатар факторларға байланысты бұзылуы мүмкін – стресстен, аурудан немесе суық тиюден туындаған иммундық жүйенің әлсіреуінен бастап, қынаптың микрофлорасының сапасына әсер ететін антибиотиктер немесе контрацептивтер сияқты дәрілік препараттарды қолдануға дейін. Ең жиі кездесетін симптомдар - қышу, ашытып күйдіру және жиі қынаптан бөлініс иісі сияқты субъективті мәселелер.

Көбірек біліңіз
Климакс

Климакс

Климакс - бұл әйелдердің репродуктивті функциясының жойылу кезеңі, ол соңғы етеккірден бірнеше жыл бұрын және соңғы етеккірден бірнеше жыл өткен соң уақыт аралығын біріктіреді.

Климактериялық синдром-бұл климактериялық кезеңде әйелдерде пайда болатын және жүйке-психикалық, вегетативті-тамырлы және алмасу-трофикалық бұзылулармен сипатталатын патологиялық жағдай.

Көбірек біліңіз

Бұл веб-сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тәжірибеңізді жақсарту үшін біз cookie файлдарын пайдаланамыз. Толық ақпарат алу үшін Құпиялылық және жеке деректерді қорғау саясатын оқыңыз.